Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мүддемізге қайшы емес": СІМ өкілі "Талибан" ұйымына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Талибан мүшесі Кабулдағы шеру кезінде туды ұстап тұр. Көрнекі сурет
Талибан мүшесі Кабулдағы шеру кезінде туды ұстап тұр. Көрнекі сурет. Фото: Nava Jamshidi/Getty Images

Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко Ауғанстан үкіметімен ынтымақтастық қазіргі таңда ел мүддесіне қайшы келмейтінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Сыртқы істер министрлігі басшысының орынбасары Роман Василенко Қазақстан Ауғанстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін айтты.

"Бүкіл дүние жүзінің өкілдері қазір Ауғанстанмен және сол елдегі билікті қолға алған ұйыммен жұмыс істеп жатыр", - деді ол.

Василенконың айтуынша, "Талибан" қозғалысының үкімет құрамына әйелдерді қосу туралы уәделерін орындауға қатысты әлі де сұрақтар бар. Ол Ауғанстанда жалпы әйелдердің құқығын сақтауда мәселелер барын айтты.

"Ауғанстан - Орталық Азиядағы көршіміз және мұндай өзара іс-қимыл қазіргі уақытта біздің мүддемізге қайшы емес", - деді вице-министр.

Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі басшысының орынбасары 2024 жылғы 13-14 маусымда өтетін Астана халықаралық форумына тәліптердің шақырылғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2063711-muddemizge-qaisy-emes-sim-okili-taliban-uiymyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel