Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Энергетика вице-министрі болған Әсет Мағауов жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Әсет Мағауов
Әсет Мағауов. Фото: kazenergyforum.com

Әсет Мағауов Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығының бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Petrocouncil.kz ҮЕҰ-ның Facebook-тегі парақшасында хабарланды.

Әсет Мағауов И. М. Губкин атындағы мемлекеттік мұнай және газ академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы "Теңізмұнайгаз"АҚ экономика бөлімінің экономисі қызметінен бастаған.

ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрліктерінің құрылымдарында, "Қазақойл", "Мұнай және газ көлігі", "Теңізшевройл", "ҚазМұнайГаз", "МаңғыстауМұнайГаз" компанияларында жұмыс істеген.

Сондай-ақ әр жылдары энергетика және минералдық ресурстар (2008-2010 жылдары), Мұнай және газ (2010-2011 жылдары), Энергетика (2016-2017 жылдары) вице-министрі, "KAZENERGY" мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы" ЗТБ бас директоры қызметтерін атқарды.

2019 жылдан 2023 жылға дейін - Қазақстанның энергетика вице-министрі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2063931-aset-magauov-munai-gaz-masinasyn-zasaudy-damytudyn-xalyqaralyq-ortalygynyn-bas-direktory-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel