Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, екі ел президенті соңғы сапарлар аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ақорданың ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы екіжақты әрі көпжоспарлы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.
"Тараптар Ресей президентінің былтыр қараша айында Астанаға жасаған ресми сапары және Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда Қазан қаласына жұмыс сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Сонымен қатар энергетика, транзит және логистика салаларындағы бірлескен жобаларды тиімді түрде ілгерілету маңызды екені атап өтілді", - делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасқан.
Айта кетейік, жақында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазанға жұмыс сапарымен барып, "Болашақтың ойындары" турнирінің ашылу салтанатына қатысты. Мемелекет басшысы шара алдында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2064120-toqaev-putinmen-telefon-arqyly-soilesti/