Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ішкі істер министрі Ержан Сәденовке бірқатар нақты тапсырма берді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев және Ержан Сәденов
Қасым-Жомарт Тоқаев және Ержан Сәденов. Фото: aqorda.kz

Мемлекет басшысы ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Кездесуде министр президентке елімізде "Заң және тәртіп" қағидатын орнықтыру, кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде есеп берген.

Сондай-ақ Ержан Сәденов ведомство өз қызметі барысында мемлекет басшысының Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында берген тапсырмаларына сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мәселелеріне баса мән беріп отырғанын баяндаған. Соның нәтижесінде жыл басынан бері қылмыс деңгейі төмендеген. Атап айтқанда, ұрлық, тонау, қарақшылық, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық және көшеде жасалған қылмыстар, кәмелетке толмаған және бұрын сотталған азаматтар істеген қылмыстар айтарлықтай азайған.

Ішкі істер министрі мемлекет басшысына құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бірыңғай заң әзірлеу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөнінде арнайы бөлімше құру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы да мәлімет берген.

Бұдан бөлек, ол президентке ұйымдасқан қылмысқа, есірткі қылмысына, экстремизмге қарсы іс-қимыл жұмыстарының қорытындысы туралы айтқан. Министрдің сөзінше, киберқылмысқа қарсы күрес жүргізетін дербес қызмет құрылады.

Сонымен қатар Ержан Сәденов орта буынға жататын басшылық құрамды кезектен тыс аттестаттациядан өткізуге дайындық барысы жайында айтқан.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2064822-memleket-bassysy-iski-ister-ministri-erzan-sadenovti-qabyldady/

pixel