Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев қазақстандық қыз-келіншектерді марапаттады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: aqorda.kz

Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ару-Ана" үздік әйелдер жобасы байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Бұл жолы марапат түрлі салада әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып, азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүрген қыз-келіншектерге алты номинация бойынша табысталды.

"Ару-Ана" байқауының жеңімпаздары:

1. "Ауыл әйелдерін дамытуға арналған үздік жоба" номинациясы бойынша – Елшібаева Бақытгүл Қазезбайқызы;

2. "Ғылым саласындағы үздік жоба" номинациясы бойынша – Шакуликова Гүлзада Тәңірбергенқызы;

3. "Азаматтық сана-сезімді дамыту бағытындағы үздік жоба" номинациясы бойынша – Ахмеджанова Әлия Серікболқызы;

4. "Ұлттық мәдени мұраны насихаттау бағытындағы үздік жоба" номинациясы бойынша – Михалёва Анастасия Анатольевна;

5. "Агробизнес саласындағы үздік жоба" номинациясы бойынша – Арқашбаева Ботагөз Махамбетқалиқызы;

6. "Креативті индустрия саласындағы үздік жоба" номинациясы бойынша – Еділбекова Мәдина Еділбекқызы.

Салтанатты жиыннан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған "Әйелмен әлем әдемі" атты мерекелік концертті тамашалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2065122-toqaev-aru-ana-uzdik-aielder-zobasy-baiqauynyn-zenimpazdaryn-marapattady/

pixel