Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тұрғын үй бағасы күрт төмендеді

Опубликовано:

Ғимарат
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақпанда Қазақстанда баспана қымбаттады. Алайда Алматы қаласы бойынша барлық санат бойынша баға төмен болған. Қазір елімізді баспана бағасының шаршы метрі қанша тұратынын KAZ.NUR.KZ мақаласынан оқыңыз.

2024 жылдың бірінші айында Қазақстанда екінші нарықтағы тұрғын үй арзандады. Қаңтарда баға 0,4 пайызға төмендеді. Бұл ретте бастапқы нарықта 0,2 пайыз, яғни шамалы өсім байқалды, ал жалға берілетін жылжымайтын мүліктің құнында айтарлықтай өзгеріс жоқ.

Алайда бағаның төмендеуі ұзаққа бармады. Ақпанда Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, жаңа тұрғын үй бағасының ай сайынғы өсімі 0,4 пайызға дейін өсті, ал екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы айына бірден 1,7 пайызға қымбаттады. Пәтер жалдау нарығы осы кезеңде 1,2 пайызға төмендеді.

Алматыда ақпанда әсіресе екінші нарықтағы үй бағасы төмендеген. Мегаполисте қайталама нарықтағы үй бағасы 1,4 пайызға, ал бастапқы нарықта 0,4 пайызға, пәтер жалдау құны 2,9 пайызға төмендеген.

Бағаның өзгеруін ескере отырып, Қазақстандағы тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа бағасы мынадай:

  • бастапқы нарық – 488 571 теңге;
  • қайталама нарық – 501 858 теңге;
  • жалға беру нарығы – 4212 теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2066175-almatyda-turgyn-ui-bagasy-kurt-tomendedi/

pixel