Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Әзербайжан көшбасшысы Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл шоғын қойды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: aqorda.kz

Қазақстан президенті Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің рухына тағзым етіп, оның және зайыбы Зарифа Әлиеваның бейіттеріне гүл шоқтарын қойды.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Шаһиттер аллеясындағы мәңгілік алауға гүл шоғын қою рәсіміне қатысты

Мұнда елдің азаттығы жолында, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау үшін құрбан болған әзербайжан халқының батыр ұлдары жерленген.

Шаһиттер аллеясы "Нагорный" саябағының аумағында орналасқан. Мұнда 1990 жылғы қайғылы оқиғаның құрбандары мен Қарабақ үшін болған шайқастарда қаза тапқан ұлт қаһармандарының бауырластар зираты бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2066418-toqaev-azerbaizannyn-zalpyulttyq-kosbassysy-geidar-alievtin-beiitine-gul-sogyn-qoidy/

pixel