Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лаура Мерсалимова уақытша әділет вице-министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Лаура Мерсалимова
Лаура Мерсалимова. Фото: gov.kz

Үкімет қаулысымен Алма Қайратқызы Мұқанованың әлеуметтік демалысқа шығуына байланысты Лаура Мерсалимова уақытша әділет вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Лаура Мерсалимова 1981 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Қазақ гуманитарлық-заң университетін, РФ президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы Корпоративтік басқарудың жоғары мектебін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Әділет министрлігі Азаматтық хал актілерінің жазбасы істері бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

2003-2010 жылдары — Әділет министрлігі жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығы.

2010-2014 жылдары — Әділет министрлігі департаменті директорының орынбасары.

2014 жылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Заң қызметі департаментінің директоры болды.

2014-2023 жылдары — "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасында департамент директорының орынбасары, басқарушы директор – департамент директоры.

2023 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін "Атамекен" ҰКП басқарушы директоры – Заңнама департаментінің директоры болып қызмет атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2067135-laura-mersalimova-uaqytsa-adilet-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel