Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысына қатысады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы қашан өтетіні мәлім болды. Бұл жөнінде Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы 15 наурызда Атырау қаласында өтеді", - делінген Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.

Айта кетейік, Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы 2023 жылғы 17 маусымда Түркістанда өткен еді.

"Ұлттық құрылтай бұл – арқаны кеңге салып отыратын жиын емес. Сән-салтанатпен өткізетін той да емес. Бабаларымыз маңызды шешім қабылдар кезде немесе елге қатер төнген сын сағатта құрылтай шақырған", - деген еді президент сол жолы.

Ал Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысы 2022 жылғы 16 маусымда жаңа құрылған Ұлытау облысында өткен еді.

14 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Ұлттық құрылтайды құру туралы жарлыққа қол қойды. Ұлттық құрылтай құрамының тізімі мен құрылтайдың ережелері Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2067675-ulttyq-quryltai-qasan-otetini-belgili-boldy/