Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мәжіліс – министрлердің маңдайынан сипайтын жер емес": Қошанов дайындықсыз келетін үкімет мүшелері туралы айтты

Опубликовано:

Ерлан Қошанов
Ерлан Қошанов. Фото: youtube.com/@mazhilis_kz

Кулуарда мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттардың эмоция үстінде шенеуніктерге дөрекі сөйлеп жіберетіні жөніндегі журналистер сұрағына жауап беріп, кемсітуге жол беруге болмайтынын айтты, деп жазады "ҚазАқпарат" ХАА.

Тілшілер төрағадан "Бұл депутат этикасына жат па, әлде депутаттар министрлерді қуырдақша қуыруы қажет пе?" - деп сұрады.

Ерлан Қошанов БАҚ өкілдеріне берген жауабында "мәжіліс – министрлердің немесе басқа да лауазымды тұлғалардың маңдайынан сипайтын жер емес" екенін айтты.

"Бұл жерге келгенде депутаттар сұрақ қояды, сұрағына нақты жауап ала алмаса, кейде эмоцияға беріліп те жатады. Бұл әлемдегі барлық парламентке тән оқиғалар, парламентаризмнің өзінің бір заңдылығы деуге болады. Эмоциялар болады. Бірақ бұл эмоция дөрекілікке, жеке басқа өту, агрессияға өту, тілі мен діні, ұлты бойынша кемсітуге жол беруге болмайды", - деді мәжіліс төрағасы.

Қошанов депутаттарды мәжіліс төрағасы ретінде өзі және этика жөніндегі комиссия қадағалайтынын атап өтті.

Бұдан бөлек ол үкімет мүшелері де отырысқа дайындықпен келуі керегін баса айтты.

"Отырысқа келетін Үкімет мүшесі заң жобасын толық білуі керек, қойылатын сұрақтарға жауабын беруі керек, сонда сындарлы әңгіме болады. Ал бүгінге дейін жаға жыртысқан, шектен шыққан оқиғалар болды деп ойламаймын", - деді мәжіліс төрағасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2067705-mazilis-ministrlerdin-mandaiynan-sipaityn-zer-emes-qosanov-ukimet-muselerin-synady/

pixel