Тоқаев "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады
Жарияланған күні:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады
Нұрлан Жақыпов қордың былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы және оны орта мерзімді кезеңде одан әрі реформалау жоспары жөнінде есеп беріп, холдинг қызметінің басым бағыттары туралы баяндады:
олардың қатарына инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, жоғары технологиялық өнім шығару, шетелден тікелей инвестиция тарту, Қор компанияларының экономиканы кросс-субсидиялаудан кезең-кезеңімен бас тартуы және "Самұрық-Қазына" компанияларының IPO-ға шығуы мен SPO кіреді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қор жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар міндет жүктеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2068269-toqaev-samuryq-qazyna-aq-basqarma-toragasy-nurlan-zaqypovty-qabyldady/