Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ирина Кайратовна, Raim, Ерболат Беделхан: Тоқаев өнер саласының өкілдерімен кездесті

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев жастармен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев жастармен кездесті. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің креативті индустрия өкілдері – блогер, актер, әншілермен кездесті. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Кездесу барысында президентке музыка, әлеуметтік желі, киноиндустрия, жасанды интеллект және киберспорт салаларында табысқа жеткен отандық жобалар таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жастармен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев жастармен кездесті. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев жастармен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев жастармен кездесті. Фото: Ақорда

Еске сала кетсек, президент 15 наурызда Атырауда өткен Ұлттық құрылтай отырысында креативті индустрияның маңызы зор екенін айтқан болатын.

"Мен экономиканы дамыту үшін "Креативті индустрияның" мән-маңызы зор екенін үнемі айтып жүрмін. Бұл мемлекеттік тілдің болашағы үшін де өте маңызды. Қазақ тілін дамытамыз десек, қазіргі заманғы әдіс-тәсілдерді барынша тиімді пайдаланған дұрыс. Тек ақпараттық технологияның пайдалы жағын алып, зиянды жағынан сақ болған жөн", - деген еді Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2070315-toqaev-elimizdin-kreativti-industriya-okilderimen-kezdesti/

pixel