Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сізді көргеніме өте қуаныштымын": Бақытжан Сағынтаев Путинмен кездесті (видео)

Опубликовано:

Владимир Путин, Бақытжан Сағынтаев
Владимир Путин, Бақытжан Сағынтаев: t.me/news_kremlin_eng

Ресей президенті Владимир Путин Кремльде Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевпен кездесті. Бұл туралы Ресей президентінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ресми сайтта жарияланған ақпарат бойынша, алдымен Путин Сағынтаевты Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы атануымен құттықтады.

"Бақытжан Әбдірұлы, сізді көргеніме өте қуаныштымын. Онда (Еуразиялық экономикалық комиссия алқасында – ред. ескертпесі ) жұмыс көп. Бірақ сіз тәжірибелі адамсыз, Қазақстанда жоғары деңгейде, атқарушы билікте жұмыс істеп, үкіметтің бірінші орынбасары да, төрағасы да болдыңыз. Сондықтан сіздің тәжірибеңіз мол.

Сіз ол жақта бірнеше жыл жұмыс атқарып, комиссия төрағасының орынбасары болғандықтан, комиссияның өзінде де сізге жаңа ештеңе жоқ.

Қазір комиссияның өзінде жаңару жүріп жатыр", – деді Путин Сағынтаевқа.

Ал өз кезегінде Сағынтаев Путинді Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

"Құрметті Владимир Владимирович, бүгінгі кездесу үшін алғыс білдіруге және сізді Ресей Федерациясы президентінің сайлауындағы сенімді жеңісіңізбен құттықтауға рұқсат етіңіз.

Біздің көргеніміз, сайлау қорытындылары бүгінде сіздің саясатыңызды жалпыхалық болып қолдайтынын және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағытын таңдаудың дұрыстығын атап өтуге мүмкіндік береді. Сізге және Ресей халқына гүлденуді, жан-жақты серпінді дамуды, сондай-ақ бар барлық қиындықтарды сәтті еңсеруді тілеймін", – деді Сағынтаев.

Бұдан бөлек кездесу барысында Путин мен Сағынтаев екі ел арасындағы тауар айналымы, Алматыда кеңсе ашу, "Еуразиялық экономикалық жол" декларациясын іске асыру, экономикалық қызмет саласында цифрлық технологияларды енгізу, цифрлық ақшаға көшу және басқа мәселелерді талқылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2071155-baqytzan-sagyntaev-vladimir-putinmen-kezdesti/

pixel