Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келді (видео)
Жарияланған күні:
![Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келді Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келді](https://cdn.nur.kz/images/1200x675/6828f114a604db10.jpeg)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.
Ақорда ақпаратынша, президент ертең Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылатын бірқатар іс-шараға қатысады.
Айта кетейік, биыл Наурыз мейрамы – 21-22-23 наурыз - бейсенбі, жұма және сенбі күндеріне сәйкес келеді.
23 наурыз сенбіге түскендіктен, ел тұрғындары 25 наурыз дүйсенбі күні де демалады.
Осылайша, биыл қазақстандықтар 21 наурыз бен 25 наурызды қоса алғанда, 5 күн қатарынан демалады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2071602-memleket-bassysy-qasym-zomart-toqaev-zumys-saparymen-almaty-qalasyna-keldi/