jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Индонезияның жаңадан сайланған президентін құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Прабово Субианто Джойохадикусумо
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Прабово Субианто Джойохадикусумо. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезияның жаңадан сайланған президентіне құттықтау жеделхатын жіберді, деп хабарлайды Ақорда.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Прабово Субианто Джойохадикусумоны президент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады.

    "Сіздің дана басшылығыңызбен ғажап еліңіз өзінің экономикалық және әлеуметтік даму жолында жаңа белестерді бағындырып, халықаралық аренадағы рөлін нығайта түсетініне сенімдімін. Қазақстан мен Индонезия арасында өзара сенім мен ортақ мүддеге негізделген жақсы қарым-қатынас орнаған. Елдеріміздің мүддесіне сай көпжақты ықпалдастықты дамыту үшін бар мүмкіндікті бірлесе пайдалануға дайын екенімді растаймын", – деп жазылған жеделхатта.

    Мемлекет басшысы Индонезия президентінің барлық бастамасы табысты жүзеге асып, халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

    Тоқаев Индонезияның жаңадан сайланған президентін құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.