Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Жарияланған күні:

Асхат Құлбаев
Асхат Құлбаев. Фото: uralskweek.kz

Орал қаласы әкімінің орынбасары Асхат Құлбаев қызметінен кетті, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Басылымның жазуынша, Орал қаласының әкімдігі Асхат Құлбаевтың өз еркімен жұмыстан кеткенін мәлім еткен.

"Құлбаев бұл қызметке 2020 жылғы тамыз айында тағайындалды. Ол қала құрылысы, сәулет, кәсіпкерлік, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы және жолаушылар тасымалы саласына жетекшілік етті", - деді ведомство өкілдері.

Асхат Құлбаев әкімдікте жұмыс істеген кезінде жолаушылар тасымалына электронды билетті енгізген.

Орал қаласы әкімдігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Асхат Құлбаев 1966 жылы Алматыда дүниеге келген.

1990 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ды құқықтану мамандығы бойынша, 2020 жылы Қазақ сәулет-құрылыс академиясының халықаралық білім беру корпорациясын техник және технологиялар мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары ҚазКСР Ғылым академиясы Философия және құқық институтының кіші ғылыми қызметкері, Санурбанк заңгерлік консультанты, "Казэнергопромбанк" заңгерлік консультанты, "Эшел инжиниринг" бірлескен кәсіпорнының құрылыс жөніндегі менеджері, "Эшел констракшн" ЖШС директоры, "МСС-Дизайн" ЖШС бас директоры, "Компания Монтажспецстрой" АҚ-ның Чинарев кенішіндегі жобалары бойынша директоры қызметтерін атқарған.

2013-2020 жылдары "Жайықмұнай" ЖШС Жобалау және құрылыс департаментінің директоры болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2074593-oral-qalasy-akiminin-orynbasary-qyzmetinen-ketti/