Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Наталья Годунова еліміздің Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымынан босатылды

Опубликовано:

Наталья Годунова
Наталья Годунова. Фото: Есеп комитетінің ресми сайты

Наталья Годунова Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Наталья Николаевна Годунова Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымынан босатылды", - делінген жарлықта.

Айта кетсек, Наталья Годунова аталған қызметке 2022 жылғы қараша айында тағайындалған болатын.

Есеп комитетінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Наталья Годунова 1972 жылы 24 мамырда Орал қаласында дүниеге келген.

Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын (экономист мамандығы бойынша), Ресей Федерациясы үкіметінің жанындағы Қаржы академиясын тәмәмдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1993 жылы "Орал Агроөнеркәсіпбанкте" экономист болып бастаған.

1997 - 2005 жылдары Батыс Қазақстан аумақтық мемлекеттік мүлікті және активтерді басқару комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі, Батыс Қазақстан облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры болып жұмыс істеген.

2005 - 2006 жылдары Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Сауда өкілідігінде кеңесші-экономист.

2006 - 2009 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі.

2009 - 2011 жылдары Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің консультанты, орынбасары, міндетін атқарушы.

2012 - 2013 жылдары Қазақстан премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2013 - 2015 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, экономика, қаржы және жұмыспен қамту мәселелеріне жетекшілік еткен.

2015 - 2017 жылдары "Нұр Отан" партиясының хатшысы, "Нұр Отан" партиясының Саяси кеңесі бюросының мүшесі, 2017 жылғы желтоқсаннан бастап еліміздің Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болған.

2018 жылғы 20 ақпанда президент жарлығымен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрғасы лауазымына тағайындалып, бүгінге дейін сол қызметті атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2076444-natalya-godunova-zogary-auditorlyq-palatasynyn-toragasy-lauazymynan-bosatyldy/

pixel