Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлихан Смайылов жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Әлихан Смайылов
Әлихан Смайылов. Фото: t.me/KZgovernment

Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарында.

Бұған дейін бұл қызметте Наталья Годунова болған.

Еске салайық, 2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың ақпанына дейін Әлихан Смайылов Қазақстан премьер-министрі қызметін атқарды. 6 ақпанда ел үкіметі отставкаға кетті.

Әлихан Смайылов 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "қолданбалы математика" мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.

1993–1999 жылдары — "А-Инвест" инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған.

1999–2003 жылдары — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.

2003–2006 жылдары — ҚР сыртқы істер вице-министрі, "Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы" АҚ басқарма төрағасы.

2006–2009 жылдары — ҚР қаржы вице-министрі, "ҚазАгро" ҰХ президенті.

2009–2014 жылдары — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.

2014–2015 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы.

2015 жылдың желтоқсанында мемлекет басшысының жарлығымен ҚР президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2076870-alixan-smaiylov-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel