Ауғанстандағы әйелдерді тас атып өлтіру туралы норма: Қазақстан ұстанымы қандай
Жарияланған күні:
Читать на русскомСыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бүгін брифингте егер Ауғанстан үкіметі әйелдерді таспен ату туралы заңды қабылдаса, Қазақстан Ауғанстанмен қарым-қатынасын үзе ме, жоқ па деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Журналистер Ауғанстанда әйелдерді ер адамның көзіне шөп салғаны үшін таспен атуды заңдастыруды көздеп отырғанын еске салды. Осы орайда олар Айбек Смадияровтан Қазақстан "Талибан" қозғалысын тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарып, асығыстық танытқан жоқ па деп сұрады.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілі журналистерден бұл норма қабылданды ма, әлде қабылдау көзделіп отыр ма деп нақтылауды өтінді.
Журналистер оған бұл норманы әзірге енгізу көзделіп отырғанын айтты.
"Бірінші енгізілсін, содан кейін көрерміз. Әр елдің өз ережелері бар. Сіздер өлім жазасы бар елдердің тізімі барын білетін шығарсыздар, тіпті дарға асу жазасы қарастырылғандары бар және онда тұрған ештеңе жоқ, күллі әлем онымен (мемлекетпен – ред.) жұмыс істейді", – деді Айбек Смадияров журналистерге берген жауабында.
Сондай-ақ оның айтуынша, Ауғанстан өңірдегі өте маңызды ел.
"Сізге барлық жағдай мәлім, егер Қазақстан Ауғанстанға бет бұрса, әрине, біздің аймақта проблемалар туындауы мүмкін.
Бұл қозғалыс билікке келген күннен бастап біз олармен жұмыс істеп, сауда-экономикалық қарым-қатынас орнаттық. Олардың халық саны өте көп – шамамен 40 миллион, бұл елді тек қозғалыс ретінде қабылдауға болмайды, ол жақта қарапайым ауған азаматтары да бар. Бұл біздің аймақтық көршіміз және онымен жұмыс істеуіміз керек", – деді СІМ өкілі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2076971-auganstandagy-aielderdi-tas-atyp-oltiru-turaly-norma-qr-sim-ustanymy-qandai/