Елдегі су тасқыны: үйінен айырылғандарға жаңа баспанаға қанша ақша беріледі
Жарияланған күні:
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің басшысы Қанат Шарлапаев үкіметте өткен брифингте су тасқынынан зардап шеккендерге баспана салуы үшін қанша ақша бөлінетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оның айтуынша, қазір әкімдіктер ақпарат жинап, зардап шеккен үйлердің есебін жүргізіп жатыр.
"Біз жергілікті бюджеттен, кейін республикалық бюджеттен қаражат бөлетін боламыз. Қазір бір үйдің құны деп 22 млн теңге қарастырамыз.
Бұл 80 шаршы метр болатын бір үйдің немесе екі бөлмелі пәтердің құны. 1 шаршы метр үшін 281 мың теңге. Болашақта біз бюджеттен осы құнға сүйене отырып бөлеміз. Әзірге бізде үйлердің нақты саны жоқ", – деді министр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2077532-su-tasqyny-uiinen-aiyrylgandarga-zana-baspana-salu-usin-qansa-aqsa-beriledi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.