Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Сағынтаевты қабылдап, жаңа қызметімен құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бақытжан Сағынтаев. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы қызметіне кірісуімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысына ЕЭК қызметінің басым бағыттары және оны одан әрі дамыту перспективасы, сондай-ақ Қазақстан мен ЕЭК арасындағы өзара ықпалдастықтың жай-күйі туралы баяндалды.

Сонымен қатар кездесуде 2030 және 2045 жылдарға дейінгі "Еуразиялық экономикалық жол" декларациясын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, сондай-ақ биыл мамыр айында Мәскеуде өтетін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық отырысына дайындық мәселелері талқыланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2078366-toqaev-sagyntaevty-qabyldap-zana-qyzmetimen-quttyqtady/

pixel