Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев су тасқынына байланысты көрсеткен көмегі үшін қырғыз халқына алғыс айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров
Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл жөнінде Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты бауырлас елдің көрсеткен көмегі үшін Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқына алғыс айтты. Сондай-ақ бұл гуманитарлық көмек екі ел арасындағы шынайы достықты, тілеулестікті және тығыз одақтастық қарым-қатынасты білдіретінін атап өтті.

Мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз қатынастары барлық бағытта қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.

Әңгімелесу барысында президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібі бойынша пікір алмасты.

Қырғызстан Президенті жақын арада Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келетінін растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2079944-toqaev-qyrgyzstan-prezidenti-sadyr-zaparovpen-telefon-arqyly-soilesti/