Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Наталья Годунова жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Наталья Годунова
Наталья Годунова. Фото: Есеп комитетінің ресми сайты

Жоғары аудиторлық палатаның экс-төрайымы Наталья Годунова "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында жаңа қызметке келді. Бұл туралы ҚТЖ ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ Жалғыз акционерінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі шешімімен "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып Наталья Николаевна Годунова сайланды", - делінген хабарда.

Осылайша, "Қазақстан темір жолы" директорлар кеңесі 9 адамнан тұрады:

  • Айдар Қайратұлы Рысқұлов – "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
  • Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев – "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі,"ҚТЖ" ҰК " АҚ Басқарма Төрағасы;
  • Елжас Мұратұлы Отыншиев – "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
  • Ернат Құдайбергенұлы Бердіғұлов – "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
  • Қуат Қайыргелденұлы  Ирубаев – "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
  • Ульф Вокурка – "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  • Александр Андреас Ширхубер – "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  • Джон (Йан) МакКей – "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  • Годунова Наталья Николаевна – "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2081381-natalya-godunova-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel