Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев пен Ердоған телефон арқылы сөйлесті

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоған
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоған. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ақорда ақпаратынша, мемлекеттер басшылары бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Түркия халықтарына бақ-береке тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі ахуалға байланысты қолдау көрсеткені үшін Режеп Тайип Ердоғанға алғыс айтты.

Қазақстан президенті Түркия Республикасымен бауырластық қатынасты, сондай-ақ екі ел халықтары арасындағы тұрақты ынтымақтастық пен өзара тілеулестікті жоғары бағалайтынын мәлімдеді.

Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселесін талқылап, алдағы уақытқа жоспарланған кездесулер кестесін қарастырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2082470-toqaev-pen-erdogan-telefon-arqyly-soilesti/

pixel