Тоқаев келесі аптада іссапармен Арменияға барады
Жарияланған күні:
Қасым-Жомарт Тоқаев 15 сәуір күні Арменияға бір күндік ресми сапармен барады. Бұл жайлы Ақорда хабарлады.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 сәуір күні Арменияға бір күндік ресми сапармен барып, премьер-министр Никол Пашинянмен және Президент Ваагн Хачатурянмен келіссөздер жүргізеді", - деп мәлім етті Ақорда.
Іссапардан соң президент елімізде су тасқынынан зардап шеккен облысына ұшып кетеді.
"Мемлекет басшысы сапар аяқталғаннан кейін Ереваннан еліміздің қарғын су басқан облыстарының біріне ұшып кетеді", - деп жазды Ақорда баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2084174-toqaev-kelesi-aptada-issaparmen-armeniyaga-barady/