Тоқаев биыл Астанада өтетін халықаралық форумды өткізбеуге шешім қабылдады
Жарияланған күні:
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жойқын су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін басқа шараларға жұмсалатын қаржыны барынша үнемдеу қажет екенін ескертті. Президент биыл 13-14 маусымға жоспарланған Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жойқын су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін басқа шараларға жұмсалатын қаржыны барынша үнемдеу қажет екенін ескере отырып, биылғы 13-14 маусымға жоспарланған Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады.
Президент форумға шақырылған қонақтар бұл шешімге түсіністікпен қарайды деп сенетінін жеткізді. Астана халықаралық форумы өз жұмысын 2025 жылы жалғастыратын болады", - деп мәлім етті Ақорда баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2084228-toqaev-biyl-astanada-otetin-xalyqaralyq-forumdy-otkizbeuge-sesim-qabyldady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.