Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевты Армения басшысы қалай қарсы алды (фото)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян. Фото: akorda.kz

Арменияның мемлекеттік резиденциясында Ереванға ресми сапармен барған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Арменияның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекет басшысы мен Армения премьер-министрі келіссөз өтетін залға барды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2084912-toqaevty-armeniya-prezidenti-qalai-qarsy-aldy/