Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Жарияланған күні:

Бейбіт Шаханов
Бейбіт Шаханов. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Президент әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Бейбіт Шаханов тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бейбіт Шаханов 1979 жылы туған. Абылай хан атындағы Қазақ Мемлекеттік Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін; Қазақ мемлекеттік заң университетін; Қазақ коммерциялық-қаржы академиясын; Ланкастер университетін (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің монополияға қарсы заңнаманың сақталуын бақылау департаментінің жетекші маманы қызметінен бастаған.

Әр жылдары Қаржы министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде басшылық қызметтерді атқарды.

2015-2022 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, Инвестициялар және даму министрлігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару істері комитетінде жұмыс істеді. Алматы қаласы құрылыс басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2023 жылғы мамырдан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2085188-almaty-qalasy-akiminin-orynbasary-tagaiyndaldy/