Тоқаев үкіметке имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Бұл туралы мемлекет басшысы СҚО-ға жұмыс сапарында халықпен кездесуінде айтқан.
Мемлекет басшысы мұндай тапсырманы еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып және бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында жасағанын айтқан.
"Мен бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында ірі халықаралық форумды өткізуден бас тарттым. Сонымен қатар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығынды қысқартамыз. Әрине, қазір бұл шарадан түпкілікті бас тарту мүмкін емес. Бірақ оған жұмсалатын қаржы көлемі айтарлықтай азаяды. Бұдан бөлек, еліміздің Токиода өтетін Дүниежүзілік көрмеге қатысуына бөлінген бюджет те қысқарады", - деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мемлекеттік органға су тасқыны салдарынан сабақ алуы керек екенін айтты.
"Бізде мұндай апаттарды алдын ала ескерту жүйесі жетіспейді. Қажетті мамандар да тапшы. Қазір гидротехник кадрларды даярлау туралы шұғыл шешім қабылданды", - деді Мемлекет басшысы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2085746-toqaev-ukimetke-imidzdik-zane-basqa-da-iri-is-saralardy-otkizbeu-zoninde-tapsyrma-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.