Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қостанай облысына ұшып барды (видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына барды: aq

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы су тасқынына байланысты жағдаймен танысты, деп хабарлайды Ақорда.

Солтүстік Қазақстан облысынан кейін Президент борты Қостанай облысына ұшып келді. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі қазіргі ахуалмен танысу үшін тікұшақпен су басқын аумақтарды аралап көрді.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынына байланысты өңірдегі алты аймақта төтенше жағдай жарияланғанын айтты.

"Облыстағы 492 ауылдың 11-і су тасқынынан зардап шекті. Қазіргі кезде жағдай тұрақталды. Алайда әлі де 51 үй су астында қалып отыр. Бұдан бөлек, 4 көпірді, 7 жол учаскесін су шайып кеткен, 1414 электр бағанына нұқсан келді. Салдарынан Қостанай мен облыстың оңтүстігіндегі аудандар арасында көлік қатынасы қиындап, 13 елді мекенді электрмен қамтамасыз ету мәселесінде түйткілдер пайда болды", - деді өңір басшысы.

Сонымен қатар президентке облыстың негізгі гидротехникалық нысандарының, атап айтқанда Қаратомар, Жоғарғы Тобыл және Желқуар су қоймаларының жай-күйі жөнінде мәлімет берілді. Құмар Ақсақалов елді мекендер мен инфрақұрылымдарға төнетін қауіптің алдын алу үшін су қоймаларынан жіберілетін су мөлшері ұдайы бақылауда ұсталатынын айтты.

Жалпы, өңірдегі дамбаларды бекіту, инертті материалдарды төгу нәтижесінде Тобыл қаласын, Амангелді ауданының орталығын және басқа да елді мекендерді су басу қаупінен сақтап қалу мүмкін болған.

Айта кетейік, 16 сәуірде түске дейін Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан облысына барған еді.

Мемлекет басшысы зардап шеккен ешбір азамат назардан тыс қалмайтынын атап өтті. "Қазір бәріміз өте күрделі кезеңді бастан кешіп жатырмыз. Бұл – жалпыұлттық апат. Дегенмен, бір жағынан алып қарасақ, оң өзгерістер де анық байқалады. Судың беті қайтып келеді. Жақын арадағы 10 күнде өте қауіпті болады деп ойлаймын. Бірақ біз еліміз бойынша апат салдарын жою шараларын қабылдап жатырмыз. Бұған дейін айтқанымдай, Үкімет зардап шеккен азаматтардың барлығына қолдау көрсетеді. Біз су тасқыны салдарынан болған барлық шығынды өтейміз. Әрбір азамат, әрбір отбасы мемлекеттің қамқарлығында болады. Бұл – мен үшін басты міндет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2085854-toqaev-qostanai-oblysyndagy-su-tasqynyna-bailanysty-zagdaimen-tanysty/

pixel