Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халық дауысы": ең көп дауысқа ие болған министр кім

Опубликовано:

Руслан Жақсылықов
Руслан Жақсылықов. Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

NUR.KZ "Халық дауысы 6.0" жобасының аралық нәтижелерін ұсынады. Еске сала кетсек, жоба аясында қазақстандықтар 2023 жылдың ең үздік билік өкілін және жылдың маңызды оқиғасын анықтай алады.

Қорғаныс министрі бірінші орында

Бірінші аптаның қорытындысы бойынша Руслан Жақсылықов "Жыл министрі" номинациясындағы бірінші орынды иеленді. Естеріңізге сала кетейік, ол өз қызметін екі жылдан астам уақыт бойы атқарып келеді (2022 жылдың 19 қаңтарынан бастап).

2023 жылы Қорғаныс министрінің кейбір пікірлері қазақстандықтар арасында сөз болды. Мысалы, ол журналистермен әңгіме-дүкен барысында әскер десе ат-тонын ала қашатын жігіттерді "еркек емес" деп атады. Сонымен қатар, әскери комиссариаттардың өкілдері жастарды би алаңдарынан әскерге алып кеткен жағдайлар туралы қауесетке түсініктеме берді.

"Қазіргі жігіттер неге әскерге барғысы келмейді? Неліктен оларды түнгі клубтардан ұстап алуға тура келеді? сияқты сауалдар туындайды. Сонда, ол жігіттің түнгі клубта көңіл көтеруге денсаулығы жеткілікті, ал Отан алдындағы борышын өтеуге жеткіліксіз бе?" - деп сұрады Руслан Жақсылықов тілшілерден.

"Үкімет әскерге шақырылған баланың ата-аналарының алдында кепілдік бере ала ма?" - деген сұраққа министр Жақсылықов былай деп жауап берді: "Понимаете (түсінесіздер ме), өмір деген жизнь (өмір), солай ма? Өмірде бәрі болады", - деп тіл қатты.

Қорғаныс министірінің сөзіне сенсек, оның үлкен ұлы әскерден қашып құтыла алмайды. Себебі ол ұлы жоғары оқу орнын тәмамдаған соң әскерде қызмет етуге қолынан жетектеп өзі апаратынына сөз берді. Еске сала кетейік, өткен жылдың сәуір айында 57 жасар министр тағы да әке атанды. Енді оның Отан алдындағы әскери борышын өтейтін үш ұлы бар.

Руслан Жақсылықовтың бірінші орын алуының себебі әйелдер қауымының оған деген жанашырлығымен түсіндірілуі мүмкін. Мысалы, біздің ресми парақшамызда қолданушы: "Басқалармен салыстырғанда Қорғаныс министрі ең ақылды, сауатты, адами және осы атаққа лайық адам", - деп пікір қалдырған.

Ал Руслан Жақсылықовтың өткен жылғы пікірі әйелдер арасында оның жанашырлығын нығайта түсті.

"Әйелдерге қол көтеру кез келген еркекке абырой әкелмейді. Тек әлсіздер ғана әйелдерге қол көтереді. Ең алдымен, ер адам өз мемлекетінің де, отбасының да қорғаушысы", - деді Қорғаныс министрі 2023 жылдың қарашасында.

Ұмытылмас тұлға Ажар Ғиният

Сыни пікірлердің көптігіне қарамастан бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният дауыс берудің бірінші аптасының қорытындысы бойынша екінші орынға шығып отыр.

Ажар Ғиният есімі өткен жылы қызылшаның өршуімен есте қалды. Әлеуметтік желі қолданушыларының көп бөлігі аурудың таралуын Денсаулық сақтау министрінің жауапкершілігіне жүктеді. 2023 жылдың мамырынан 2023 жылдың қазанына дейін Қазақстанда 13 мыңға жуық жағдай тіркелген деп NUR.KZ жазды. Сол аралықта қызылшамен ауыратын науқастар бойынша бірінші орында Йемен, ал екінші орында Үндістан тұрды.

Ажар Ғиният бұл жайтты түсіндіру үшін халықтың едәуір бөлігі вакцинациядан бас тартатынын айтты. Қызылшаға қарсы вакцинаның қауіпсіздігін дәлелдеу үшін министр өз немересін емханаға апарып, вакцина салдырды.

Ажар Ғиният
Ажар Ғиният. Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Сондай-ақ, Қазнетте біздің отандастарымыз медициналық сақтандыру жүйесінің тиімсіз жұмысына шағымдануын тоқтатпады. Қазақстандықтар тұрақты аударымдарға қарамастан, көптеген қызметтер үшін әлі де ақша төленуі керектігін атап өтті. Ажар Ғиният Денсаулық сақтау министрі болған екі жылдың ішінде жағдайды жаһандық деңгейде өзгерте алмады.

Ажар Ғиниаттың екінші орынды иеленуінін себебін басқа адамдар үшін ең құндысын құрбан етуге дайындығымен түсіндіруге болады. Осылайша, экс-министр қайтыс болғаннан кейін донор болуға ниет білдірді. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Ажар Ғиният "Балаларды Оңалтудың Ұлттық Орталығы" КЕАҚ басшысы қызметін атқарады.

Мусин озып шықты

"Жыл министрі" номинациясында үшінші орынды Бағдат Мусин иеленді. Айта кетейік, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің басшысын ең тұрақты министр деп атауға болады. Ол өз қызметін 2020 жылдың қыркүйегінен бастап атқарып келеді. Цифрландыру саласы қазақстандық қоғамда сынға ұшырамайтындықтан, Бағдат Мусиннің үшінші орынды иеленуі түсінікті жайт.

Бағдат Мусин тұрғындардың интернет сапасына қатысты шағымына жауап бермекші болып, халық арасында екіұшты реакция тудырады.

Speedtest рейтингінің дерегіне сүйенейікші, бәріңіз оны қолданып жүрсіздер ғой. Speedtest халықаралық рейтингі Астананың 35 орынға жоғары шыққанын айтып отыр. Біз 35 қаланы басып оздық. Тіпті Токионы басып оздық. Бұл рейтингіні мен құрған жоқпын ғой”–деді ол өз сөзінде.

Бағдат Мусин
Бағдат Мусин. Фото: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Көптеген қазақстандық министрдің сөзіне сенбеді, оның үстіне басшының отставкаға кетуін талап ететін петиция жариялады. Кейінірек министр Қазақстанда интернет сапасына қатысты мәселелер бар екенін атап өтіп, өз ұстанымын сәл жұмсартты.

Әзірге қатысушылар арасында бірде-бір дауыс жинамаған билік өкілі – Ғалымжан Қойшыбаев. Ол премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы қызметін атқарады.

Айта кетейік, осы жылы біз оқырмандарымызға министрлер кабинетінің мүшелеріне өз сұрақтарын қоюды ұсындық. Алайда, әзірге пайдаланушылардың басым бөлігі шенеуніктердің қызметіне тек қана наразылықтарын білдіруде.

Дауыстарыңызды аямай, оң немесе теріс баға берулеріңізді сұраймыз! Жылдың үздік министрін "Халық дауысы 6.0" парақшасында дауыс беру арқылы анықтай аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2087318-xalyq-dauysy-en-kop-dauysqa-ie-bolgan-ministr-kim/

pixel