Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев пен Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады (фото)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

 Бейбітшілік және келісім сарайында өткен шарада Қазақстан мен Қырғызстанның танымал мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті.

Бұдан бөлек, концертте "Астана опера" мемлекеттік опера және балет театрының әртістері, "Гүлдер", "Астана сазы", "Аркасыры" (Қырғызстан) ансамбльдері сияқты шығармашылық ұжымдар көрермендерге керемет көңіл күй сыйлады.

Бағдарлама аясында "Манас" эпосынан үзінді оқылып, қос халыққа кең тараған әндер мен күйлер орындалды. Сондай-ақ бірнеше хореографиялық композиция ұсынылды.

Сонымен қатар концертті Қырғызстанның ресми делегация мүшелері мен зиялы қауым өкілдері тамашалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2087327-toqaev-pen-zaparov-eki-el-onerpazdarynyn-gala-koncertin-tamasalady-foto/

pixel