Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақордада Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Тоқаев
Тоқаев. Фото: akorda.kz

Ақорда резиденциясында Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Ақорда резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды", - делінген ресми хабарламада.

Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2087696-aqordada-qyrgyzstan-prezidenti-sadyr-zaparovty-saltanatty-turde-qarsy-alu-rasimi-otti/

pixel