Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қонаев қаласына жаңа әкім тағайындалды

Опубликовано:

Бердіханов Асхат
Бердіханов Асхат. Фото: Алматы облысы әкімдігі

Алматы облысы әкімінің өкімімен Бердіханов Асхат Ермекұлы Қонаев қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.

Әкімдіктің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Асхат Бердіханов 1975 жылы туған, білімі – жоғары.

1995 жылы Павлодар каласының машина жасау колледжін "Өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр жабдығы" мамандығы бойынша, 2005 жылы С.М. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін "Заңгер" мамандығы бойынша, 2015  жылы Еуразиялық технологиялық университетін "Электроэнергетика" мамандығы бойынша,  2017 жылы С.М. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін "Энергетика және электротехника" мамандығы бойынша, 2022 жылы А.Сагинов атындағы Қарағанды техникалық университетін "Құрылыс" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы Павлодар трактор зауытында электромонтер болып бастаған.

Әр жылдары құқық қорғау органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Балқаш жылу электр станциясы Басқарма төрағасының орынбасары, "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамының бас менеджері, "Алатау Жарық компаниясы" АҚ бас инженері, "Samruk-Kazyna Construction" басқармасының бастығы, Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Ұ.Қантаев атындағы Мойнақ гидроэлектростанциясының Басқарма төрағасының бірінші орынбасары - бас инженері қызметтерін атқарды.

2023 жылғы наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев жаңа жұмысқа ауысуына байланысты отставкаға өтініш берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2087948-qonaev-qalasyna-zana-akim-tagaiyndaldy/

pixel