Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев бірқатар сот төрағасын, Жоғарғы сот судьясын тағайындады (фото)

Опубликовано:

Судья
Судья. Иллюстрациялық фото: KamiPhotos / Getty Images

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрт облыстық сот, сондай-ақ Әскери сот төрағасы мен Жоғарғы сот судьясын тағайындады. Президент тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Жоғарғы сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Президенттің 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 523 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы Рахметуллина Назгүл Мәуілханқызы тағайындалды.

Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметінен босатыла отырып, Шымкент қалалық сотының төрағасы қызметіне Шайхисламов Әділхан Шайхисламұлы тағайындалды.

Алматы облыстық сотының төрағасы қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ибрашев Талғат Әулиеханұлы тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметінен босатыла отырып, Қазақстан Республикасы Әскери сотының төрағасы қызметіне Нәсірдінов Ғалымжан Патшаханұлы тағайындалды.

Шымкент қалалық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып, Маңғыстау облыстық сотының төрағасы қызметіне Рахымбеков Ербол Мұқажанұлы тағайындалды.

Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметінен босатыла отырып, Түркістан облыстықсотының төрағасы қызметіне Сұлтанов Айдос Едігеұлы тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2088062-toqaev-onirlerdegi-birqatar-sot-toragasyn-zogargy-sudyasyn-tagaiyndady-foto/

pixel