Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

Опубликовано:

Дэвид Кэмерон
Дэвид Кэмерон. Фото: Leon Neal/Getty Images

24-25 сәуірде Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің сыртқы істер, достастық және халықаралық даму министрі Дэвид Кэмеронның Қазақстанға сапары өтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Астанада Кэмерон мемлекет басшылығының қабылдауында болып, премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер өткізеді.

"Сапар аясында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық тақырыптарды талқылау жоспарлануда.

Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2089547-zaqynda-ulybritaniya-syrtqy-ister-ministri-devid-kemeron-qazaqstanga-keledi/

pixel