Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Өзбекстан президенті мен халқына алғыс айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорда ақпаратынша, Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқынына байланысты тілеулестік танытып, көмек көрсеткені үшін Шавкат Мирзиеевке және бауырлас Өзбекстан халқына алғыс айтты.

Президенттер қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту, сондай-ақ бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Тараптар екіжақты қатынастар мен өңірлік деңгейдегі кооперацияның қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2089613-memleket-bassysy-ozbekstan-prezidenti-savkat-mirziyoevpen-telefon-arqyly-soilesti/

pixel