Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев дәл қазір президент ретінде алдында тұрған аса маңызды міндетті атады

Опубликовано:

Қазақстан халқы ассамблеясының отырысы
Қазақстан халқы ассамблеясының отырысы. ФОто: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу" атты ХХХІІІ сессиясындағы сөзі басталды. Мемлекет басшысы дәл қазір президент ретінде алдында тұрған аса маңызды міндетті атады, деп хабарлайды Ақорда.

"Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген аймақтарында алапат су тасқыны болып жатыр.

Біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы. Соған сай Үкімет барлық қажетті іс-әрекеттерді жасап жатыр, тиісті қаражат бөлінді, ірі компаниялар мен бизнес өкілдері қол ұшын беруде.

Осыған дейін де айттым, жойқын су тасқынынан бұзылған үйлерді қалпына келтіру, зардап шеккен тұрғындардың қалыпты өмірге қайта оралуын қамтамасыз ету – дәл қазір президент ретінде менің алдымда тұрған аса маңызды міндет. Сондықтан мен елімізде бұрын жоспарланған халықаралық іс-шараларды қысқарту туралы нақты тапсырма бердім", - деді президент.

Оның сөзінше, биыл Астана халықаралық форумы өткізілмейді.

"Әрине, бұл – елімізге қажет, өте маңызды жиын. Дегенмен оны кейінге қалдыра тұруға болады. Ал кезек күттірмейтін кездесулер мен іс-шаралардың жөні бөлек. Бұл ел игілігі үшін керек.

Ассамблея сессиясы жыл сайын Бірлік күні қарсаңында өтеді. Ал биылғы басқосу мемлекетіміз үшін күрделі кезеңге тұспа-тұс келді. Шын мәнінде, бұл сессияны дәл осы кезде өткізудің мәні зор. Бірлік пен ынтымақ – ешқашан ескірмейтін құндылықтар. Бұған осы күндерде көзіміз жетті деуге болады",- деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2090933-toqaev-dal-qazir-prezident-retinde-aldynda-turgan-asa-mangyzdy-mindetti-atady/

pixel