Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біржола арылуымыз керек": президент елге төніп тұрған бес кесел туралы тағы да сөз қозғады

Опубликовано:

Жастар
Жастар. Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының сессия отырысында жас ұрпақтың тәрбиесі туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Ақорда.

"Ассамблея жастардың идеологиялық тәрбиесін айрықша назарда ұстайды. Бұл – болашақта не боларын болжап білу мүмкін емес, қазіргідей алмағайып әлемде аса маңызды мәселе. Ассамблея этносаралық коммуникация орталықтарын дамытумен және осындай жаңа орталықтар ашумен айналысады. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдап, еріктілерді және жергілікті бірлестіктерді ынталандырумен шұғылданады.

Мен Ұлттық құрылтайда қазір Прелдым. Ассамблея нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу ісінде маңызды рөл атқарады. Қауіпсіз өмір сүру үшін осындай қатерлі құбылыстардан біржола арылуымыз керек. Бұл – әсіресе, ұрпақтың болашағы үшін айрықша маңызды. Біз балалар мен жастарды барынша қорғап, дұрыс тәрбиелеуіміз қажет. Қоғамдық кеселдерді түбірімен жоямыз десек, ортақ іске бүкіл ел болып жұмылған жөн. Ұлтына, дініне, әлеуметтік жағдайына қарамастан, оған барлығы атсалысуы керек.

"Ұлы істер шағын әрекеттерден басталады". Сол сияқты кішігірім әрекеттер ауқымды өзгерістерге жол ашады. Әр адамның ой-санасы және мінез-құлқы жақсарса, тұтас қоғам жақсарады. Мақсат-мұраты биік болса, елдің рухы да биік болады. "Адал азамат" болу аса маңызды. Бір сөзбен айтсақ, келеңсіз үрдістерден жай ғана жирену жеткіліксіз. Оны жоюға да белсене атсалысу керек", - деді президнт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2090951-birzhola-aryluymyz-kerek-prezident-elge-tonip-turgan-bes-kesel-turaly-tagy-da-soz-qozgady/

pixel