Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жасанды ұйым емес" Тоқаев су тасқыны кезінде ассамблеяның атқарған жұмыстарына тоқталды

Опубликовано:

Қазақстан халқы ассамблеясының отырысы
Қазақстан халқы ассамблеясының отырысы. ФОто: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында су тасқыны кезінде ассамблеяның атқарған жұмыстарына тоқталып, халыққа берген көмегі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

"Тасқын басталғаннан бері Қазақстан халқы ассамблеясы белсенді әрі үйлесімді жұмыс істеп жатыр. Оған бүкіл ел куә. Жұртқа жан-жақты көмек беру үшін дереу Ассамблеяның республикалық және аймақтық штабтары құрылды. "Жүректен жүрекке" деген ауқымды акция жүргізіліп жатыр. Апат аймақтарына 1500 тоннадан астам азық-түлік және ең қажетті тауарлар жолданды. Оның жалпы сомасы шамамен 770 миллион теңге болды.

Су тасқынымен күреске этномәдени бірлестіктердің 12 мыңға жуық өкілі қосылды. Олар қайырымдылық және гуманитарлық көмек жинауға жұмылды. Сондай-ақ жұртты қатерден хабардар етуге және қауіпсіз жерге көшіруге атсалысты", - деді президент.

Президент мұның бәрі – өзара жанашыр және тілеулес болудың айқын көрінісі екенін айтты.

"Мен Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарына арнайы бардым. Кездесу кезінде жұртшылық Ассамблея мүшелеріне зор ризашылық білдірді.

Ассамблея – кейбір адамдар айтып жүргендей, жасанды ұйым емес. Ассамблея – ел бірлігін іс жүзінде орнықтыра түсетін тиімді құрылым. Бүгінде бұл – конституциялық мәртебесі бар маңызды қоғамдық орган.

Ассамблея өте ауқымды қайырымдылық шараларын дер кезінде және жедел ұйымдастырып келеді. Мұның бәрі көп жылдық жүйелі жұмыстың нәтижесі екені сөзсіз.

Ассамблея мүшелері "Қайырымдылық керуені" жобасы арқылы мұқтаж жандарға үнемі қолдау көрсетіп жүр. Былтырдың өзінде құны 1,7 миллиард теңгеден асатын көмек берілді. Бірлігі мықты халықтың күш-қуаты азаматтардың бір-біріне деген осындай қамқорлығынан айқын көрінеді"

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2090954-zhasandy-uiym-emes-toqaev-su-tasqyny-kezinde-assambleianyng-atqargan-zhumystaryna-toqtaldy/

pixel