Дәурен Абаев ТМД бас хатшысының орынбасары қызметінен кетті
Жарияланған күні:
Дәурен Абаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бас хатшысының орынбасары қызметінен кетті. Оның орнына Нұрлан Сейтімов тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.kz.
Басылым ақпаратынша, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бас хатшысы Сергей Лебедев ТМД Атқару комитетінің ұжымына өзінің жаңа орынбасары – Қазақстан Республикасының өкілі Нұрлан Сейтімовті таныстырды.
Нұрлан Сейтімов Дәурен Абаевтың орнына келді.
Еске салсақ, Дәурен Абаев ТМД Атқару комитеті бас хатшысының орынбасары қызметіне 2023 жылғы наурызда кіріскен болатын. Сондай-ақ 2023 жылдың шілдесінде Абаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды.
Айта кетейік, Дәурен Абаев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2006 жылы Лейден университетін тәмамдаған.
2001-2003 жылдары – Сыртқы істер министрлігінің референті, атташесі, үшінші хатшысы.
2003 жылы – Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігінің үшінші хатшысы.
2003-2007 жылдары – Қазақстан ның Нидерландыдағы екінші хатшысы, уақытша сенімді өкілі.
2007 жылы – Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі бөлімінің басшысы.
2007-2009 жылдары — Президент сарапшысы, консультанты, Президент баспасөз хатшысының орынбасары.
2009-2011 жылдары — Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
2011 жылы — Президенттің баспасөз хатшысы, кеңесшісі.
2016-2019 жылдары — Ақпарат және коммуникациялар министрі.
2019-2020 жылдары — Ақпарат және қоғамдық даму министрі.
2020-2022 жылдары — Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.
2022 жылғы 11 қаңтардан 2023 жылғы 1 сәуірге дейін Мәдениет және спорт министрі лауазымын атқарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2091080-dauren-abaev-tmd-bas-hatshysynyng-orynbasary-qyzmetinen-ketti/