Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Риддер әкімі қызметінен кетті

Опубликовано:

Дәулет Батырбаев
Дәулет Батырбаев: egemen.kz

Дәулет Батырбаев Риддер қаласының әкімі қызметінен кетті. Ол осы лауазымды 8 ай атқарған, деп хабарлайды Noks.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Риддердің бұрынғы басшысының айтуынша, оның бұл шешімі отбасылық жағдайға байланысты.

"Қысқа мерзімде біз көп нәрсе істеп үлгердік. Қаланың жылу жүйесіндегі апаттың алдын алдық, екі жаңа мектеп салуға бастамашылық жасадық, тұрғын үйлер мен кәсіпорындардан еріген суды шығару бойынша көктемгі сынақтан сәтті өттік. Қоғамдық көліктегі шиеленісті азайттық. Қалада мәдени ойын-сауық шаралар көбейді", - деді Дәулет Батырбаев.

Әлеуметтік желілердегі сын, экс-әкімнің айтуынша, қала тіршілігін жақсартуға көмектесті.

"Жаңа басшылық белгіленген барлық жоспарды жүзеге асыратынына және бұл азаматтардың өмірін жақсартатынына сенемін", - деді экс-әкім.

Риддер қаласы әкімінің міндетін атқарушы болып тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және өнеркәсіп салаларына жетекшілік ететін әкімнің орынбасары Мұрат Байжүменов тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2092925-ridder-akimi-qyzmetinen-ketti/