Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасарын лауазымынан босатты

Опубликовано:

Әркен Өтепов
Әркен Өтепов. Фото: apa.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Әркен Хамитұлы Өтенов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды", - деп жазылған Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Параграф "Юрист" сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Әркен Хамитұлы Өтенов 1983 жылы қарашаның 15-і Алматыда туған.

Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Карнеги Меллон университетін ("Болашақ" бағдарламасының түлегі, 2010) тәмамдаған. Ол Халықаралық қатынастар маманы, экономист, мемлекеттік саясат саласындағы ғылым магистрі.

Еңбек жолын Әркен Өтенов 2006-2011 жылдары аралығында Қазақстанның банк саласындағы қызметінен бастаған. Одан соң ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде қызмет етті.

  • 2011-2014 жылдары - Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді;
  • 2014-2015 жылдары - Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бейрезиденттерге салық салу департаментінің басшысы;
  • 2015-2016 жылдары - Президент Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығы секторының меңгерушісі;
  • 2016-2019 жылдары - Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
  • 2019-2020 жылдары - Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы;
  • 2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2093750-toqaev-strategiialyq-zhosparlau-zhane-reformalar-agenttigi-toragasynyng-orynbasary-lauazymynan-bosatty/

pixel