Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халық дауысы": Жеңіс Қасымбек жылдың үздік әкімі атағына үміткер атанды

Жарияланған күні:

Жеңіс Қасымбек
Жеңіс Қасымбек. Фото: akorda.kz

NUR.KZ интернет-порталы "Халық дауысы 6.0" жобасы аясында 2023 жылдың үздік әкімі атағына үміткер Жеңіс Қасымбектің жұмысын жіті талдады.

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек біздің рейтингте тоғызыншы орында тұр. Оның жұмысы қазақстандықтардың ерекше назарында. Не дегенмен де ол біздің бас қаламыздың дамуы үшін жауапты тұлға екенін ұмытпаған жөн.

Елорда әкімі "Халық дауысы" турнир кестесінің ортасында орналасып, плюс белгісімен де, минус белгісімен де жеткілікті дауысқа ие болып отыр. Пікірге сәйкес, егер адамды мақтаса және сынға алса, онда ол өз жұмысын жақсы атқарады деген сөз. Бұл Астана қаласының басшысына қатысты пікір ме?

Жеңіс Қасымбек 2022 жылдың желтоқсанынан бері Астана әкімі қызметін атқарады. Ал оған дейін үш жылдан астам уақыт бойы Қарағанды облысының әкімі лауазымында қызмет етті. Қала басшысы үшін 2023 жыл маңызды оқиғаларға толы болды. Мысалы, ол астаналықтармен жиі кездесіп, кез келген шенеунікке қажет шыдамдылық пен сабырлық сияқты қаситтерді көрсетті. Кездесуге қатысушылар негізінен үлестік құрылыс, балабақша мен мектептердегі орын тапшылығы, коммуналдық-тұрмыстық мәселелерге қатысты бірқатар сауалдар қойды.

Жеңіс Қасымбек құрылыс салушалардың сапасыз жұмысымен күрес үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Бірқатар тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездескеннен кейін, әкім өз уәделерін орындамаған құрылыс компанияларына қатаң жаза қолдануды жөн көрді.

"Нысандарда құрылыс жұмысы тоқтап тұр немесе қарқыны өте баяу. Құрылыс салушылардың нашар әдеті бар – көзге көріну үшін арнайы техникаларды тек тұрғындармен және мемлекеттік органдармен кездесу кезінде ғана жеткізеді. Құрылыс жұмыстарының нақты қарқыны болмаса, іс қозғау үшін құзырлы органдарға жүгінетін боламыз", - деп жазды әкім Instagram парақшасында.

Айта кететін жайт, егер сіз Жеңіс Қасымбектің Instagram парақшасын ашып қарасаңыз, онда сіз көптеген аяқталған және аяқталмаған үйлердің, аулалардың және жұмыс істейтін арнайы техниканың суреттерін көре аласыз. Осыдан-ақ елорда әкімін не толғандыратынын көруге болады.

Құрылысы ұзаққа созылған Astana LRT қаланың ең маңызды мәселесі. Жер үсті метросының құрылысы Жеңіс Қасымбектің бұл қызметке келгеннен бері халықтың назарында. 2023 жылы аталмыш объектің құрылысы қайта жанданды. Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жобаны тез арада аяқтау қажеттігін мәлімдеді.

Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, нысанды алдағы жылдары толық пайдалануға беру үшін жүздеген миллиард қаржы қажет.

"Шындықты айту керек, LRT құрылысын аяқтау үшін алдағы екі-үш жылда 250-300 миллиард теңге қажет", - деді әкім мәслихаттағы кездесу барысында.

Өткен жылдың ортасында елорда тұрғындары су тапшылығына тап болды. Әкім қала тұрғындарына арнайы үндеу жасап, мәселе жақын арада шешілетініне сендірді. Шынында да, бірнеше айдан кейін ешкім су тапшылығы туралы мәселені қозғаған жоқ.

Жеңіс Қасымбек 2023 жылы қандай да бір жолмен оның есіміне нұқсан келтіретін үлкен дау-жанжалдардан аулақ болды. Бұл үлкен жетістік. Тұрғындармен кездесу барысында Жеңіс Қасымбек жаңылысып, астаналықтарды алматылықтар деп атаған.

Біздің Instagram-парақшамызда әкімдердің қызметі туралы оң және теріс пікірлер бар. Алайда, Астана әкімдігінің басшысына арналған бірде-бір пікір жоқ. Мүмкін Жеңіс Қасымбектің жақсы жұмыс істегені соншалық, қала тұрғындарының оған қоятын сауалы жоқ шығар.

Жобаға қатысып, еліміздің ең үздік әкіміне дауыс беріңіздер!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2096798-halyq-dauysy-zhengis-qasymbek-zhyldyng-uzdik-akimi-atagyna-umitker-atandy/