Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болашақ түлегі: жаңа цифрлық даму министрі туралы не білеміз

Опубликовано:

Жаслан Мәдиев
Жаслан Мәдиев. Фото: invest.gov.kz

Бүгін, 6 мамырда Мәдиев Жаслан Хасенұлы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды. Жаңа ведомство басшысы туралы толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Жаслан Мәдиев бұған дейін 2022 жылдың қазан айынан бастап Binance Қазақстан компаниясының бас менеджері қызметін атқарған.

Премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсындағы мәліметке сүйенсек, Жаслан Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, "Болашақ" бағдарламасы бойынша 2016 жылы Колумбия университетін, Массачусетс технологиялық институтын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2004 жылы "Альянс Банк" АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің Халықаралық қаржы институттарымен жұмыс басқармасының маманы болып бастаған.

2007-2008 жылдары –"Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің бас менеджері.

2008 жылы Президент Әкімшілігінің Стратегиялық талдау және зерттеулер орталығында, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-да жұмыс істеді.

2009-2010 жылдары – KAZYNA CAPITAL MANAGEMENT АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2010-2014 жылдары – "Қазақстанның даму банкі" АҚ басқарушы директоры-мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары.

2014-2015 жылдары Ұлттық банкінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды.

2017-2018 жылдары – "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ вице-президентінің міндетін атқарушы, қаржы жөніндегі вице-президенті.

2018 жылы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ қаржы жөніндегі басқарма төрағасы болып тағайындалды.

2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі.

2020 жылғы қазан – 2022 жылғы қаңтар Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылғы қаңтарда цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2097080-zhanga-tsifrlyq-damu-ministri-turaly-ne-belgili/

pixel