RU
Саясат
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Тоқаев Мәскеуде ЖЕЭК отырысына қатысты

Жарияланған күні:

Тоқаев ЖЕЭК отырысында
Тоқаев ЖЕЭК отырысында. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Саммитке Қазақстан президентімен қатар, Армения премьер-министрі – ЖЕЭК төрағасы Никол Пашинян, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастықтың маңызды міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылады.

Сондай-ақ ЕАЭО қызметінің жекелеген аспектілері жөнінде пікір алмасты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2097668-toqaev-maskeude-otip-zhatqan-zheek-otyrysyna-qatysty/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif