jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Мәскеуде ЖЕЭК отырысына қатысты

    Тоқаев ЖЕЭК отырысында
    Тоқаев ЖЕЭК отырысында. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

    Саммитке Қазақстан президентімен қатар, Армения премьер-министрі – ЖЕЭК төрағасы Никол Пашинян, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

    ️Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастықтың маңызды міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылады.

    Сондай-ақ ЕАЭО қызметінің жекелеген аспектілері жөнінде пікір алмасты.

    Тоқаев Мәскеуде ЖЕЭК отырысына қатысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram