jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев Мәскеуде Жеңіс күніне арналған әскери парадқа барды (фото)

    Тоқаев әскери шеруге қатысты
    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне арналған әскери парадқа барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    Мемлекет басшысы Жеңістің 79 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды. Сондай-ақ Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

    Парадты Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей президенті Владимир Путинмен қатар Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Куба президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес, Лаос президенті Тхонглун Сисулит, Гвинея-Бисау президенті Умару Сисоку Эмбало тамашалады.

    Тоқаев Мәскеуде Жеңіс күніне арналған әскери парадқа барды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.