Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халық дауысы 6.0": шымкенттіктер Ғабит Сыздықбеков туралы қандай пікірде

Опубликовано:

Ғабит Сыздықбеков
Ғабит Сыздықбеков. Фото: gov.kz

"Халық дауысы 6.0" соңғы кезеңге қадам басты. Бүгін біз қысқа мерзім ішінде халықтың сенімі мен қолдауына ие болған әкім туралы сөз қозғаймыз.

Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап Ғабит Сыздықбеков еліміздің ірі шаһарларының бірі Шымкент қаласын басқарып отыр. Әкімнің бұл қызметке келгеніне көп болмаса да, қала тұрғындары оның жұмысын бағалап үлгерді. Дауыс беру нәтижесінің аралық қорытындысы бойынша ол сегізінші орында тұр.

Бір қызығы, мегаполис басшысы әр жылдары дипломатиялық салада жұмыс істеді. Ол Франциядағы Қазақстан Елшілігінің кеңесшісі, СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің атташесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметтерін атқарды.

Шымкент әкімдігінің басшысы халықпен ашық диалог орнатып қана қоймай, сонымен қатар сынға, айтылған ойларға түсіністікпен қарайды. Қызметке кіріскен тұста ол БАҚ қызметкерлерімен қарым-қатынасты қалай орнату керектігін баяндады.

"Шынымды айтсам, әріптестерім маған тек бейілді журналистерді шақыруды ұсынды. Бірақ мен қарсы болдым. Біз өз көзқарасы бар барлық БАҚ өкілін шақырдық. Бұл біз үшін демократия, сөз бостандығы. Біз тек бейілді журналистердің пікірлерін емес, барлығының ойын ескереміз", - деді Ғабит Сыздықбеков.

Ғабит Сыздықбековтың қызметке келуіне көп уақыт болмаса да шымкенттіктер әкімнің жұмысына дән риза. NUR.KZ оқырмандары біздің Instagram парақшамызда әкім туралы оң пікірлерін қалдыруда:

  • "Шымкент әкімі тек қана алға".
  • "Ғабит Сыздықбеков жақсы әкім. Қызметін жақсы бастады, болашақта да солай болатынына сенеміз".
  • "Шымкент қаласының әкімі жарайсыз, тек алға бауырым. Болашақта одан да жоғары биіктерден көрейік".
  • "Сыздықбеков қаладағы тәртіпті қолға алды. Ұсақ-түйекке дейін бақылайды".

Бір қызығы, осы посттың астында әкімнің жұмысы туралы бірде-бір теріс пікір жоқ. Ғабит Сыдзықбеков шынымен де қалаға үлкен пайда әкеледі деп үміттенеміз, ал оның қызметіне риза азаматтар қатары тек өсе берсін.

Өткен жылдың соңында Ғабит Сыздықбеков әкім лауазымындағы жұмысының алғашқы қорытындысын шығарды. Журналистер қала басшысынан оның үш жетістігі мен оңтүстік мегаполистің кемшіліктері туралы сұрады. Әкім бұл сұраққа толыққанды жауап берді.

"Шын мәнінде, қаланың көптеген жетістігі мен кемшіліші бар. Бірақ өздеріңіз білетіндей, мен өз қызметімді үш ай бұрын ғана бастадым. Дегенмен де ұзақ жылдан бері шешімін таппай, қараусыз қалған бұрынғы "Фосфоршылар сарайы" қала меншігіне өткенін атап өткім келеді. Біз сондай-ақ жалпы қаланың тазалығын қолға алдық. Кемшіліктеріне келетін болсақ, ауаның ластануы туралы айтар едім. Бала кезімде қара түтін қаланы басып тұратыны есімде. Өкінішке қарай, бұл мәселе әлі де өзекті", - деп бөлісті әкімдік басшысы.

Биыл Ғабит Сыдықбеков сыбайлас жемқорлықпен күресуші ретінде танылды. Әкімнің Instagram парақшасында жарияланған роликтердің бірінде жергілікті шенеунікті әкімдік отырысы кезінде парақорлық үшін ұстады.

Тыс қалма! Қазақстанның ең үздік әкімін дауыс беру арқылы анықта!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2098154-halyq-dauysy-6-0-shymkenttikter-gabit-syzdyqbekov-turaly-qandai-pikirde/