Жаңадан тағайындалған цифрлық даму министрі ант қабылдады
Жарияланған күні:
Үкімет отырысында жақында тағайындалған цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ант қабылдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Қазақстан Республикасының халқы мен президентінің алдында бар күш-жігерім мен білімімді Отанымның гүлденуіне жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін", - деді Мәдиев.
Айта кетейік, 6 мамырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаслан Мәдиевті Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі етіп тағайындады. Бұған дейін Мәдиев осы министрлікте вице-министр қызметін атқарған.
30 сәуірде 2020 жылдан бері цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін атқарып келген Бағдат Мусин лауазымынан босатылғанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2098184-zhangadan-tagaiyndalgan-tsifrlyq-damu-ministri-ant-qabyldady/